Шымкентте 32 мектепте сабақ тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 32 мектепте сабақ тоқтатылды

20.04.2021

Шығыс Қазақстанда 3 қала «қызыл»  аймаққа кірді. Енді Өскемен, Семей және Аягөзде шектеу шаралары күшейтіледі. Себебі, сәуір айы басталғалы бері бұл шаһарларда індетке шалдыққандар саны күрт артқан. Тек осы айда ғана өңірде 131 оқушыдан коронавирус анықталған. Сол себепті облыс орталығында 8 мектеп екі аптаға карантинге жабылды.

Шымкент қаласында да 32 мектепте сабақ тоқтатылды. Ал карантиндік шектеулер белгісіз мерзімге дейін ұзартылды. Мәдениет ошақтарының, кинотеатр және зообақтың жұмысы тоқтатылды. Облыс және қалааралық бағыттағы туристік тасымалдарға да тыйым салынып отыр. Сондай-ақ, кеңсе қызметкерлерінің 80 проценті осы аптадан бастап қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі.


Хабарламаларға жазылу