Төтенше жағдай кезіндегі діни іс-шаралар қалай жүзеге асырылады?

14.04.2020

Биыл рамазан айы сәуірдің 24 күні басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай Қажы Тағанұлы мәлімдеді. Ол төтенше жағдайға байланысты қойылатын шектеулерге де тоқталды. Атап айтқанда, ораза уақытында мешіттерде тарауық намазы оқылмайды. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда немесе өзара жиылып ауыз ашар жасауға болмайтынын ескертті. Яғни, жамағатты мемлекет бекіткен ережелерді басты назарға алып, қауіпсіздікке селқос қарамауға шақырды. Мұның барлығы уақытша шектеулер екеніне де тоқталды. Сондықтан төтенше жағдайға төзіммен қарап, қасиетті Рамазан айын сабырмен өткеруге шақырды. 

Дін өкілдері карантин кезінде 18 мыңға жуық отбасына көмек көрсетті. Жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында халыққа карантин кезінде 47 мыңнан астам бетперде таратылған. Ол бетперделер мешіттердегі тігін шеберханаларында тігіліп, демеушілердің көмегімен жеткізілді.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу