Талдықорғандықтар «Төтенше жағдай кезіндегі донорлық» акциясына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғандықтар «Төтенше жағдай кезіндегі донорлық» акциясына қатысты

15.06.2017

Талдықорғандықтар облыстық қан орталығы ұйымдастырған «Төтенше жағдай кезіндегі донорлық» ұраны аясында өткен акцияға қатысты. Облыс аумағында бір жылда 12 мыңдай адам қан тапсырады. Қан орталығында 8,5 мың литр қан қоры бар. Олар 40 емдеу мекемесін қанмен қамтамасыз етуде. Дегенмен өңірде халық саны мен медициналық мекемелердің артуына байланысты қанға деген сұраныс бар. Айтулы күнге орай тұрақты қан тапсыратын донорлар марапатталды. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу