Украинада бір тәулікте 5804 адамнан вирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада бір тәулікте 5804 адамнан вирус анықталды

09.10.2020

Украинада бір тәулікте 5804 адамнан коронавирус анықталды. 24 сағаттың ішіде вирустан 90 адам ажал құшты. Үкімет басшысы, денсаулық сақтау министрі және ұлттық қауіпсіздік қызметі шұғыл жиын өткізді. Егер жағдай одан әрі ушығатын болса, елде карантин талаптары қата күшеюі мүмкін. 

Аида Әбіл, тілші:

-Украинада кеше бір тәуліктің өзінде 6 мыңға жуық адамнан вирус анықталды. Бүгінгі күнге дейін 2,5 млн адам тест тапсырған. Дәл осындай қиын эпидемиологиялық жағдай Еуропаның дамыған елдері - Испания мен Италияда орын алған еді, сондықтан Украина билігі вирустан қатты қауіптеніп отыр.  

Осыған орай 1-ші қарашаға дейін созылған шартты карантин күшеюі мүмкін. Киев бойынша медициналық мекемелердегі төсек орындарының 50 проценттен астамы вирус жұқтырған науқастармен лық толған. Украинаның денсаулық сақтау министрлігі науқастарға арналған арнайы госпиталь ашуды жоспарлап отыр. Бұл мемлекеттік емханаларға жүктелген ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік бермек. 

Аида Әбіл 


Украина вирус

Хабарламаларға жазылу