Жапон ғалымдары коронавирустың көбеюін тоқтататын дәріні анықтады. Олардың айтуынша, АИТВ-ға қарсы препараттардың бірі ағзадағы вирустың көбеймеуіне әсер етеді.
Ғалымдар ВИЧ-ке қарсы 9 дәріні сынақтан өткізген. Нәтижесінде біреуінің ғана - «Нелфинавир»-дің аз ғана мөлшері вирустың көбеюін тоқтататыны белгілі болды.
Зерттеушілер SARS-CoV-2-ге қарсы дәрілердің қатарына «Нелфинавир»-ді де қосуға кеңес беріп отыр.