Ресейде коронавирустың 139 штамы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирустың 139 штамы тіркелді

10.01.2023

Ресейде бір мезгілде тұмау мен коронавирусты жұқтыру жағдайы тіркелді. «Бұл көбіне иммунитеті төмен адамдар, жас балалар мен қарт кісілерде кездеседі»,- дейді мамандар.

Вирустық пневмония жедел дамығандықтан, қайтыс болғандар да бар. Ал науқстар екі аптаға дейін ауырған.

Жалпы Ресейде коронавирустың 139 штамы тіркелді. Пандемия басталғалы 21 млн адам инфекция жұқтырды.

Александр Арутюнов, дәрігер:

Жаңа штамдар ағзадағы барлық мүшені зақымдайды. Қарттардан бөлек, созылмалы ауруы, артық салмағы барлар, қант диабетіне шалдыққандарда вирус ауыр тиеді. Неше жылдан бері індетпен күресіп келеміз. Сондықтан оның алдын алып, тиімді емдеу жолдарын қарастырдық.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу