1 миллионға жуық адам тегін дәрімен қамтылады - Цой

20.10.2020
1 миллионға жуық адам тегін дәрімен қамтылады - Цой

Коронавирустың жеңіл түріне шалдығып, үйден емделетін науқастар тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 

Министр Үкімет отысында COVID-19 емдеуге арналған дәрілердің тізімі кеңейтілгенін жеткізді.

«Амбулаториялық деңгейде емдеуге арналған дәрі-дәрмек тізімі кеңейтілді. Яғни, коронавирустың жеңіл түріне шалдыққан науқастар ПТР тестілеудің нәтижесіне қарамастан, өзі тіркелген емханалардағы дәрігердің нұсқаулығы бойынша дене қызуын түсіретін дәрілер мен антикоагулянттарды тегін ала алады», - деді Цой.

Осылайша 1 млн-ға жуық адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады. 

«Бұл шара халықтың дәріге жұмсайтын шығынын азайтады, инфекциялық және диспансерлік орталықтардың ауыртпалығын жеңілдетеді», - деді министр.


Үкімет отырысы ДСМ дәрі-дәрмек коронавирус

Хабарламаларға жазылу