Үйінде пневмониядан емделіп жатқан қазақстандықтар дәрі-дәрмекті тегін ала алады

03.07.2020
Үйінде пневмониядан емделіп жатқан қазақстандықтар дәрі-дәрмекті тегін ала алады

Пневмония, ЖРВИ және коронавирустың жеңіл түріне шалдыққан қазақстандықтарға үйде емделуі үшін тегін дәрі-дәрмектер беріледі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.

«Пневмония, ЖРВИ және COVID-19-дың жеңіл түрі бойынша үйінде емделіп жатқан қазақстандықтар МӘМС аясында дәрі-дәрмекті тегін ала алады. Ол дәрі-дәрмекті емханалар жанындағы мобильді топтар жеткізіп береді», - деді ол ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында.

Тегін дәрілер тізіміне антибиотиктер мен дене қызуын түсіретін дәрілер кіреді.

Хабарламаларға жазылу