Елордада залалсыздандыруға арналған кешендер орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада залалсыздандыруға арналған кешендер орнатылады

10.04.2020
Елордада залалсыздандыруға арналған кешендер орнатылады

Елордада адамдардың киімін залалсыздандыруға арналған 10 кешен орнатылады. Ол медициналық мекемелер аумағына және адам көп шоғырланатын жерлерге қойылмақ, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен №3 көпбейінді балалар ауруханасында қаладағы алғашқы дезинфекциялық кешен пайда болды. Бұдан былай дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмысқа кіріп-шығарда осы кешенді пайдаланады. 

«Олар бу генераторының көмегімен жұмыс істейді. Арнайы мотор дезинфекциялық құралдардың буын шығарады. Осының арқасында киім-кешек, аяқ киім түгелдей залалсыздандырылады», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Иран Шаметеков. 

Хабарламаларға жазылу