Павлодар облысында биыл 1 миллион 169 мың гектар алқапқа егін егілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында биыл 1 миллион 169 мың гектар алқапқа егін егілмек

15.05.2015
Павлодар облысында биыл 1 миллион 169 мың гектар алқапқа егін егілмек

Өткен жылғымен салыстырғанда алқаптардың көлемі 50 мың гектарға ұлғайтылды. Дихандар ел ырысы алтын астықтан биыл мол өнім алуға үмітті. Себебі, қыс қарлы болып, топыраққа ылғал молынан түсті.

Биыл 35 мың гектар алқапқа дән себуді жоспарлаған. Күнбағыс пен мал азығына арналған дақылдарды егу аяқталды. Бидай салатын кешендер, техниканың басқа түрлері сақадай-сай тұр.

 

Болат АМАНБАЕВ  

Хабарламаларға жазылу