Елордада тегін кітап алмастыру алаңдары ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада тегін кітап алмастыру алаңдары ашылады

10.09.2019
Елордада тегін кітап алмастыру алаңдары ашылады

Елордада буккроссинг орындары ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Яғни, бұл - кітаптарды алмастыратын орын. Мәселен, сіз бұрын оқыған кітабыңызды алып, ашық буккроссинг-аймағына апарасыз. Ондағы кітап сөресіне оқылған кітабыңызды қойып, сіз оқымаған кітаптарды алуыңызға болады. Ақысыз. 

Буккроссинг-аймақтары адамдар көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтары, жоғары оқу орындары мен қоғамдық жерлерде орнатылады. 

Кітап алмастыратын әр алаңға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отандық және шетелдік классиктердің есімі беріледі. 

Хабарламаларға жазылу