ТМД елдерінің Қауіпсіздік кеңесі хатшылары Ауғанстандағы ахуалды талқылады

22.11.2019

Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының VII отырысына қатысты. Жиын барысында қауіпсіздікке және тұрақтылаққа бағытталған қазіргі сын-тегеурін мен қауіп-қатерлер жайы сөз болды. Ауғанстандағы ахуал, киберқауіпсіздік саласындағы қазіргі тенденциялар бойынша пікір алмасты. Жиында ынтымақтастық бойынша бірнеше ортақ құжатқа қол қойылды.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу