Депутаттар шаруаларға жанармайды арзан бағада сатуды сұрап отыр

09.04.2020

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бөлінген 170 миллиард теңге шаруаларға дұрыс үлестірілмей жатыр. Қаржының басым бөлігі «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы несие серіктестеріне, екінші деңгейдегі банктерге бөлінгелі отыр. Бұл өз кезегінде, ірі тауар өндірушілерге басымдық беріп, ұсақ шаруаларды көміштен қағады деген сөз. Сенат депутаты Али Бектұрғанов үкіметке осындай депутаттық сауал жолдады. Мысалы, осы уақытқа дейін таратылған 51 миллиард теңге несиені тек 1822 ауыл кәсіпорындары пайдаланған. Бұл барлық қожалықтардың 1 пайызы ғана. Сондай-ақ депутат шаруаға шын жанымыз ашыса, көктемде арзандатылған жанар-жағар май бағасын көшедегі май құю бекеттеріндегідей емес, мұнай өңдеу зауыттарындағы бағадан 15 пайызға арзан қылу керек деген ұсыныс жасады.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу