Арзан авиабилеттер сатылымға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арзан авиабилеттер сатылымға шықты

02.04.2019

Енді елорда мен Алматының арасында ұшақпен 7 мың теңгеге ұшуға болады. Алғашқы рейс 1 мамырға жоспарланып отыр. Арзан бағада әуе қатынасын құруды Елбасы тапсырған болатын. Енді тағы бірнеше қаланың арасында арзан рейс ашу жоспарланып отыр. Бұған дейін Алматы мен Тараз қалаларының арасында 5 мың теңгеге билеттер сатыла бастаған. Бұл бағыттарға Airbus A320 ұшақтары пайдаланылмақ.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу