Елімізде су тасқыны қаупі төнген аймақтардың саны қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде су тасқыны қаупі төнген аймақтардың саны қысқарды

05.04.2020
0:00:00
0:00:00

Бастылып кеткен арнаулы жиын елімізде жыл санап қайталанатын маусымдық төтенше жағдайға да қадам жасау ғой. Бірақ бұл көктем, Covid-19 деген вирус болмағанда, жайбарақат өтер ме еді? Бұлай деуімізге себеп, өңірлерде тасқын суды қадағалап отыратын Су ресурстары комитеті мамандарының болжамдары.

Биыл көктемгі қар еру процесстері, өткен жылдардан ерекше. Қалың қар қатпарланып, көк мұзға айналған. Қыс боранды болғандықтан, жердің тоңы жоқ. Осы екі фактор мұздың баяу еріп, судың жол-жөнекей топыраққа сіңіп кетуіне сеп болып отыр. Бір жағынан, тасқын судың қаупі бір жағынан төмендесе, екінші жағынан күзде мол суын ағызып жіберген су қоймалары қажетті су қорын жинай алмай қалуы кәдік екенін айтады мамандар. Бірақ табиғатқа біздің болжам, жоспарымыз жүрмейтіні тағы белгілі ғой. Әзірге, тасқын қаупі бар деген алты өңірдің қатары үшеуге дейін қысқарғаны көңіл қуантады.  

Хабарламаларға жазылу