Семей мен Өскемен жұрты түрлі түсті рұқсат қағазын ала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей мен Өскемен жұрты түрлі түсті рұқсат қағазын ала бастады

03.04.2020
Семей мен Өскемен жұрты түрлі түсті рұқсат қағазын ала бастады

6 сәуірден бастап қос қаланың тұрғындары көшеде тек рұқсат қағазымен жүре алады.

Рұқсатнама аптасына үш рет банкке, дәріханаға және азық-түлік дүкеніне баруға мүмкіндік береді. Жасыл түсті рұқсат қағазымен жұп күндері, ақ түсті рұқсат қағазымен тақ күндері жүру керек.

Кімге қандай түс берілетіні көлік нөмірінің соңындағы санға қарай анықталады. Тіркеу нөмірінің соңы жұп сандармен аяқталғандар жасыл, ал тақ болса, ақ рұқсатнама алады. Ал көлігі жоқ тұрғындарға мекенжай нөмірі бойынша беріледі.

Көпқабатты үйлердің тұрғындарына рұқсат қағазын ПИК берсе, жер үйде тұратындарға Жергілікті өзін-өзі басқару комитеті береді.

Хабарламаларға жазылу