Семейде полицейлер жаппай екпе ала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде полицейлер жаппай екпе ала бастады

08.04.2021

Семейде полицияның жеке құрамы жаппай екпе ала бастады. Бүгін 30 тәртіп сақшысы вакцинаның алғашқы компонентін салдырды. Біртіндеп індетке қарсы екпені Полиция басқармасының жеке құрамы түгелдей алмақ.

Семейде халықпен тығыз байланыстағы өзге де кәсіп иелері мен қала тұрғындарын жаппай егу іске асып жатыр. Өскемен мен Семей қалаларында, сондай- ақ аудандарда жылжымалы егу пункттері, уақытша орталықтар ашылмақ. Әзірге өңірде екпе салдырғандардың саны 10 мыңнан асты. 

Оңдасын Аштаев, қалалық ПБ бастығының орынбасары:
Ауырудың алдын алу үшін. Өзіміздің жақын-туыстарымызды, әке-шеше, бала-шағаларымызды аман-есен алып қалуымыз үшін, осы індетке қарсы екпе алуға шақырамын.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу