Нұр-Сұлтанда №1 автобус паркі карантинге жабылды.
«Мониторинг барысында №1 автобус паркінің қызметкері коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны анықталды. Қызметкерлер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автопарк карантинге жабылды. Автопарк пен автобустар дезинфекциядан өтті. Қызметкермен жақын қарым-қатынаста болғандардың бір бөлігі стационарға жатқызылса, қалғандары үй карантинінде», - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
27 наурыздан бастап елордада жолаушыларға автобустың алдыңғы есігі арқылы кіруге тыйым салынды. Жүргізушілер отыратын жер арнайы лентамен қоршалды. Қолма-қол ақша төлеуге болмайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер ғана қабылданады.
26 наурыздан бері автобустар кешкі сағат 19.00-ге дейін ғана жүреді.
28 наурыздан бастап карантиндік аймақта орналасқан барлық қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылады. Олар Қосшы, Тайтөбе, Жібек жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы.Алтынсарин, «Нұрлы» саяжай кенттері (№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326).