Елімізде жыл басынан бері экономикалық бағытта заңсыз әрекет жасап, ұйымдасқан қылмыстық топ құрған азаматтарға қатысты 40 іс қозғалған. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен полицейлерден құралған топ мемлекетке 400 млн. теңге есебінде шығын келтірді. Сондай-ақ, жалған шот-фактура жасап салықтан жалтарушылардың қатары да өсіп келеді. Биыл бұл бойынша 303 қылмыстық іс қозғалып, бюджетке 36 млрд. теңге өтелген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы арнайы баспасөз жиынында айтты. Жалпы, биылғы жылы қазынаға түсетін түсімдер 8,5 пайызға артқан.
Ардақ Теңгебаев, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:
- Биылғы жылдың 11 айында Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік бюджетке 6 трлн. астам түсімнің түсуін қамтамасыз етті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 466 млрд. теңгеге көп.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ