Қырғызстанға ем алуға барған науқас балалар елге жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанға ем алуға барған науқас балалар елге жеткізілді

24.03.2020
Қырғызстанға ем алуға барған науқас балалар елге жеткізілді

Қырғызстанға ем алуға барған науқас балалар мен олардың аналары елге жеткізілді. 

Эвакуация Президенттің коронавирусқа байланысты тапсырмаларына сәйкес жүргізілді. Бүгін Қазақстан Әуе қорғаныс күштері Әскери-көлік авиациясының күшімен 21 адам, оның ішінде сал ауруына шалдыққан 10 бала Атырауға оралды.

Айта кетейік, эвакуацияланғандар Қырғыз еліне ем алуға барған. Кейін үйге қайтпақшы болғанда рейстері кейінге шегеріліп, Бішкекте қалып қойған.

Елге жеткізілгендерден коронавирус анықталған жоқ. Жағдайлары қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта карантинге жатқызылды. 

coronavirus2020.kz


Хабарламаларға жазылу