Түркістан облысында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды

01.06.2022

Түркістан облысында мереке күні алғаш рет балаларға арналған «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Облыстық бюджет қаржысына ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, медициналық құрылғыларды алуға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қолдау көрсеткен. Заманауи үлгідегі технологиямен жабдықталған орталықта енді жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балалар ем қабылдай алады. Мұнда күндізгі бөлімде 50 шақты, тәуліктік негізде 10 бала денсаулығын жақсарта алады. Орталықта тұз шахтасы, шунгит, эрготерапия сияқты арнайы бөлмелер ашылған. Сондай-ақ сенсорлық, емдік дене шынықтыру, ойын бөлмелері бар. Орталыққа алғашқылардың бірі болып ем алуға келген балғындарға мерекелік сыйлықтар тапсырылып, түрлі іс- шара ұйымдастырылды.

Марат Пашимов, Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

Мұндай оңалту орталығы біздің облыста болмаған. Енді 1 жастан бастап 16 жасқа дейінгі науқас балалар дцп болса, реабилитация үшін осы жерде тегін ем ала алады. Бұрын мұндай балаларды біз Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына жіберетін едік. Енді Түркістан облысының балалары осы жерге келіп реабилитация алады.

Хабарламаларға жазылу