Елімізде вирус жұқтырғандар саны 709-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде вирус жұқтырғандар саны 709-ға жетті

08.04.2020

Бір тәулік ішінде елімізде тағы 24 адамнан Covid-19 вирусы анықталды. Дәл қазіргі таңда ел бойынша науқастар саны 709-ға жетіп отыр. 54 адам жазылып, үйлеріне қайтарылды. Өкінішке қарай, 7 адам қайтыс болды. Бұл індет еліміздің барлық 17 аймағына тарап үлгерген. Басым көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласында. Одан кейін Алматы қаласы. Қызылорда өңірінде 72, Қарағанды облысында 55 науқас тіркелді. Жамбыл облысында 45, Ақмола өңірінде 43, Атырауда 32, Түркістан аймағында 33 адамнан вирус анықталған. Солтүсік Қазақстанда 25, Шымкент қаласында 20, Ақтөбе облысында 11, Алматы облысында 10 дерек тіркеліп отыр. Өзге аймақтарда науқастар саны он адамға жетпейді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу