Елордаға сырттан келген жолаушылардың барлығы тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордаға сырттан келген жолаушылардың барлығы тексеріледі

23.03.2020

Елордаға азық-түлік пен қажетті тауарларды тасымалдауда еш кедергі жоқ. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді. «Жасыл дәліз» жүйелі жұмыс істеп тұр. Ал, шетелден келген жолаушылар арнайы медициналық тексерістен өткеннен кейін ғана қалаға кіре алатынын ескертті.

Ал, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгін елімізге 145 отандасымыздың оралатынын жеткізді. Бұл шаралар үкімет пен «Туристік қамқор» қорының бірлесе атқарған жұмысының нәтижесі екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, шетелде әртүрлі себептерге байланысты 60-қа жуық азамат қордың көмегінен бас тартқан.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу