«Bek Air»-дан билет сатып алған қызылордалық жолаушылардың ақшасы қайтарылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Bek Air»-дан билет сатып алған қызылордалық жолаушылардың ақшасы қайтарылуда

27.12.2019

Қызылордада Bek Air ұшағына билет сатып алған жолаушылардың ақшасы қайтарылуда. Аталмыш компанияның әуе кемесімен Сыр өңірінен Елордаға аптасына төрт рейс қатынайтын.  

Қазіргі таңда Қорқыт ата әуежайынан «Эйр Астана» мен «Скат» компанияларының ұшақтары өз кестесіне сәйкес ұшуда. Ал Алматыдағы апаттан кейін әуекассаларында Bek Air-ге билет сату 1 қаңтарға дейін тоқтатылды. 

Хабарламаларға жазылу