«Bek Air» ұшуы тиіс болған жолаушылардың билеттерін қайтаруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Bek Air» ұшуы тиіс болған жолаушылардың билеттерін қайтаруда

27.12.2019

Апаттан соң «Bek Air» әуе компаниясының өкілдері бүгін ұшуы тиіс болған жолаушылардың билеттерін қайтарып, құнын 100% өтей бастады. Кейбір жолаушылар үшін өзге әуе компанияларының рейстеріне билет алып беруде. Ал Қызылордада «Bek Air»-ге билет сату 1 қаңтарға дейін тоқтатылды. Айта кетейік, аталмыш компанияның әуекемесімен Сыр өңірінен Елордаға аптасына төрт рейс қатынайтын. Қазір Қорқыт ата әуежайынан «Air Astana» мен «Scat» компанияларының ұшақтары өз кестесіне сай ұшуда. Ал, «Bek Air» ұшақтарына күні бұрын сатылған билеттердің құны жолаушыларға толықтай қайтарылып жатыр. 

Әділбек СЕРІКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу