Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ХҚКО-лар жаңа жұмыс тәртібіне көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ХҚКО-лар жаңа жұмыс тәртібіне көшті

19.03.2020
Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ХҚКО-лар жаңа жұмыс тәртібіне көшті

Карантин жариялануына байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режімін өзгерту туралы шешім қабылданды.

ХҚКО көрсететін қызметтер саны қысқартылады. Азаматтар онлайн ұсынылмайтын қызметтерді ғана (төлқұжат пен жеке куәлік алу, зейнетақы мен әр түрлі жәрдемақы тағайындау) ала алады. Осымен бірге, еліміздегі барлық ХҚКО сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. 

«Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы автоматтандырылған және электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және Telegram-дағы бот арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу барысында қандай да бір қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 Бірыңғай байланыс орталығына ұялы және стационарлы телефоннан хабарласа алады. Қоңырау соғу тегін. Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «ҰАТ» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейтті», - делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу