Италияда бір тәулікте 475 адам коронавирустан көз жұмды
Италияда жаңа рекорд. Елде бір тәулікте коронавирус құрбандарының саны 475-ке жетті. Пандемиямен күреске әскери медицина қызметкерлері де жұмылдырылған. Десе де, жұқпалы індетке шалдыққан 35 мың адамның 40 пайызы емделді.
Ал АҚШ коронавируспен күреске 100 миллиард доллар бөлмек. Қомақты қаражат азаматтарды тегін тестілеуге, денсаулығына байланысты ақылы демалысқа жіберуге және әлеуметтік көмекке жұмасалады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияны тоқтату үшін оқшаулау, тестілеу, емдеу, қадағалау әрекеттерін орындау керек деп отыр.
Коронавирусқа байланысты, әлемдегі ірі ән байқауы «Евровидение» де биыл өтпейтін болды. Бұл – 64 жыл бойы ұйымдастырылып келген байқау тарихындағы алғашқы оқиға.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Бүгін спортшылар 4 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 17:19
Абай облысында бір күнде 3 мың тал егілді
25.09.2026, 17:18
Жетісу облысында егін жинау науқаны қыза түсті
25.09.2026, 17:17
Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді
25.09.2026, 17:14
Ел жаңалықтарына шолу
25.09.2026, 17:13
Нетаньяху мінберге шыққанда ондаған делегат залдан шығып кетті
25.09.2026, 17:12
Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
25.09.2026, 17:10
Жасанды интеллект мектебі ашылады
25.09.2026, 17:07