Бельгияда бүгіннен бастап барлық мектептер жабылды

17.03.2020

Ал дәмхана, мейрамханалар, кинотеатрлар, ойын-сауық орталықтары да сәуірдің 3-не дейін жабық. Мемлекеттік қызметкерлер үйден жұмыс істеуге көшті. Көшеде дәріхана, азық-түлік сатып алуға шыққандар болмаса, бей-берекет жүргендер жоқ. Биліктегілер халыққа жеке бас гигиенасына, сақтық шараларына мұқият болуды қайта-қайта ескертіп жатыр. Себебі, індет күннен-күнге өршіп барады. Өткен бір тәулікте Бельгияда 172 адам вирус жұқтырған. Дерттің құрығына ілінгендердің саны мыңнан асты, 5 адам қаза тапты.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу