Бельгияда дүйсенбіден бастап мектептер, кітапханалар, мұражайлар мен зообақтар ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда дүйсенбіден бастап мектептер, кітапханалар, мұражайлар мен зообақтар ашылмақ

14.05.2020

Ал Бельгияда 18-мамырдан бастап мектептер, кітапханалар, мұражайлар мен зообақтар ашылады. Мәдени-тарихи орындарға билет онлайн сатылады немесе телефон арқылы тапсырыс беріледі. Сұлулық салондары алдын-ала жазылған клиенттерге қызмет көрсетуі тиіс және медициналық бетперде тағуға міндетті. 20 адамға дейін таза ауада спортпен айналысуға рұқсат. Сондай-ақ, неке қию мен жерлеу рәсіміне 30 адамға дейін қатысуға мүмкіндік беріледі. Соңғы мәлімет бойынша, Бельгияда 53 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 9 мыңға жуығы қайтыс болды.

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу