Президент төтенше жағдайға байланысты арнайы Жарлық шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент төтенше жағдайға байланысты арнайы Жарлық шығарды

16.03.2020
Президент төтенше жағдайға байланысты арнайы Жарлық шығарды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты төтенше жағдай бойынша Жарлық қабылдады.

«Мен Мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл құжат мемлекеттік органдардың тиімділігін арттырып, билік вертикалін нығайтып, дағдарыс жағдайында барлық қажетті шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Қажет болса, салық саласын да қамтиды. Жарлық дәрі-дәрмек пен өзге де қажетті сатып алударды оңтайландырылған тәртіпте, әсіресе отандық өндірушілерден сатып алу құқығын береді. Осылайша, біз қазіргі төтенше жағдайда өте маңызды болып отырған уақыт пен қаржыны үнемдейміз. Халқымыздың даналығы мен жоғары азаматтық жауапкершілігі, қоғам мен мемлекеттің үйлесімді жұмыстары барлық қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.

Хабарламаларға жазылу