Ірі сауда орталықтарының жұмыс уақыты шектеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ірі сауда орталықтарының жұмыс уақыты шектеледі

16.03.2020

Сауда және интеграция министрлігі оларға таңғы 10-нан кешкі 6 дейін ғана қымет көрсетуге кеңес берді және санитарлық қауіпсіздікті күшейтулкері міндет. Сондай-ақ, сауда нысандарындағы кинотеатрлар, балалар орталықтары әрі кез-келген ойын-сауық алаңдары жабылады. 

Алайда, азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер және азық-түлік базарлары қалыпты режимде жұмыс істей береді. Бірақ, санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейтулері тиіс. 

Оның ішінде нан және кондитерлік өнімдер тек қаптамен ғана сатылу қажет. Ал, азық-түлік емес базарлар сағат 11:00 мен 17:00 арадығында ғана жұмыс істеуі тиіс. 


Хабарламаларға жазылу