Елордада қысқы спорттық маусым ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қысқы спорттық маусым ашылды

26.12.2015
Елордада қысқы спорттық маусым ашылды

Елордада дәстүрлі шаңғы жарысымен жаңа қысқы спорттық маусым ашылды. Бүгін 700 астам адам қалалық парктегі шаңғыроллерлік трассаға жиналды.

Шараға ниет білдіргеннің бәрі қатысты. Спорттық жарыс болмаса да, кейбір санаттар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Атап айтқанда, күш құрылымдарының, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, спорттық мектеп оқушыларының, кәсіпқойлардың, сондай-ақ, шаңғы әуесқойларының арасында. Бұдан басқа додада 2008 жылы туғандар мен одан кіші балалар да шеберлік байқасты.

Астанада қысқы спорттық маусым алғашқы бұқаралық шаңғы жарысымен ашылды. Енді әр апта сайын демалыс күндері елордалық паркте саламатты өмір салтын ұстанатын адамдар мен таза ауада белсенді демалуды ұнататындар арасында шаңғы спортынан жарыстар ұйымдастырылатын болады.

Хабарламаларға жазылу