Бүгін - Дүниежүзілік ұйқы күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Дүниежүзілік ұйқы күні

13.03.2020
Бүгін - Дүниежүзілік ұйқы күні

Дүниежүзілік ұйқы күні алғаш 2008 жылы 14 наурызда аталып өтті. Содан бері наурыз айының екінші жұмасында тойланып жүр. 

Дұрыс ұйықтап жатқан адамның ағзасы күндіз жұмсалған күштерді қалпына келтіреді. Сондықтан дені сау адам ұйқыдан кейін өзін сергек сезініп оянады. Орташа алғанда, әрбір адам өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйықтау барысында мидың белсендігі барынша азайып, сезіну реакциясы төмендейді. Ұйқының қанбауы өмір сапасына кері әсер ететіндігі де дәлелденді: әзілдей білу қабілеті жоғалады, ашуланшақтық пайда болады. Ұйқының 4 сағатын жоғалтудың өзі сезіну қабілетін 45 пайызға төмендетеді. Есте сақтау қабілеті нашарлап, түрлі сырқаттардың асқыну қаупі туындайды.

Дүниежүзілік ұйқы күні осы мәселелерге назар аударуға, ұйқы және денсаулыққа көңіл бөлуге бағытталған.

Ұйқы туралы қызықты деректер:

    • Төсекте жатып музыка тыңдайтын адамдар жылдамырақ ұйықтайды және олардың ұйқысы қатты болады. Өйткені музыка жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді;

    • Түнде көрген түстердің 90 пайызы есте қалмайды;

    • Зағип жандар да түс көреді, әсіресе қорқынышты түстерді;

    • Психикасы бұзылған науқастар түс көрмейді;

    • Ұйқы жетіспейтіндер семіздікке бейім болады;

    • Алғашқы оятқыш сағаты 1787 жылы пайда болды;

    • Леонардо да Винчи өте аз уақыт ұйықтаған, шамамен 2 сағат ғана. Ал Альберт Эйнштейн керісінше күніне 10 сағат ұйықтап, өз ғылыми жетістіктерін алдымен түсінде көргенін айтты.

Хабарламаларға жазылу