Доллардың бағасы 400 теңгеден асып кетті
Әлемдік мұнай бағасының құлдырауы шетелдік валюталарға да ықпалын тигізді. Соның ішінде төл теңгемізді де теңселтті. Бүгін Қазақстанның валюта нарығында жаңа рекорд орнап, 1 доллар 400 теңгеден асып кетті. Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде таңертең АҚШ валютасы 400 теңге 20 тиыннан бастап, артынша 400 теңге 50 тиынға саудаланды. Ал Қазақстан қор биржасында таңғы сессия бойынша доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамы 398,6 теңге болып, кешкілік 399, 77 теңгеге тұрақтады. Ұлттық банк 13 наурызға доллар бағамын белгіледі. Ертеңгі ресми курс - 399, 24 теңге.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада ЖИ көмегімен жасалған фильмдер фестивалі өтіп жатыр
03.10.2026, 14:35
🚀 Astana Hub Battle: 14 стартап финалға шықты
03.10.2026, 14:19
AI & Digital Bridge 2026: Астанада eGov 3.0 және мемлекеттік қызметтердің болашағы талқыланды
03.10.2026, 13:56
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28