Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путинмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путинмен кездесті

29.05.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімнің 5 жылдығына орай, Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтеді. Жоғары деңгейдегі басқосуға одаққа мүше елдердің мемлекет басшылары келді.

Басқосуға келген Ресей федерациясының Президенті Владимир Путинді Нұрсұлтан Назарбаев – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады.

Сондай-ақ, кездесуде Елбасы Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі нәтижелері мен алдағы даму бағыттарын сөз етті. Тараптар қос ел арасындағы берік байланыс пен тиімді әріптестік жайын қозғады. Өз кезегінде, Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйым жұмысындағы елеулі еңбегін ерекше атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР тұңғыш Президенті-Елбасы:

Осыдан бес жыл бұрын Сіз, мен және Александр Лукашенко бірігіп, бұл ұйымды құрдық. Ал 25 жыл бұрын Мәскеу Мемлекеттік университеті қабырғасында мен осы идеяны ұсынған едім. Қазір оны жүзеге асырдық.  Қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, арамыздағы сауда-саттық артып келеді. Біріккен кәсіпорындар саны көбеюде. Еуразиялық экономикалық одақ Еуропалық одақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, АСЕАН және өзге де ұйымдармен арадағы интеграцияны жолға қою керек. Біз осы бағытта жұмыс істеуіміз қажет.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

Сізге марапат үшін және Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық байланыстың дамуына,  екіжақты қатынастың нығаюына қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Бұл бағыттағы жұмыстарда сіздің сіңірген еңбегіңіз ұшан-теңіз. 

Хабарламаларға жазылу