«Qazaqstan» телеарнасынан ауқымды ұлттық интеллектуалдық жоба эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» телеарнасынан ауқымды ұлттық интеллектуалдық жоба эфирге шығады

11.03.2020
«Qazaqstan» телеарнасынан ауқымды ұлттық интеллектуалдық жоба эфирге шығады

Көктемгі жаңа телевизиялық маусымнан бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жүзден жүйрік» ұлттық интеллектуалдық жобасы жарыққа шығады. Бағдарламаның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен мәдениетін, әдебиетін, әдет-ғұрпын насихаттап, оның дамуына үлес қосу, ел арасында қазақ халқы тарихындағы тұлғалар мен ұлт қаһармандарының есімін таныту. 

Жобаны Ұлттық арнаның келбетіне айналған журналистер Нартай Аралбайұлы мен Әйгерім Есенәлі жүргізеді. 

Бағдарламада әр шығарылым сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 100 адам «Өз Отанының ең үздік білгірі» атағы үшін сайысқа түседі.   

«Бұл - қазақ телевизиясы тарихындағы ең ауқымды ұлттық интеллектуалдық жоба болмақ. 1,5 сағатқа созылатын бағдарлама барысында қатысушылар бірнеше айналымнан тұратын сынақтан өтеді. Бір мезгілде бір сұраққа 100 адамның қатар жауап беруі бұрын-соңды отандық телевизияда болмаған. Үміткерлердің дұрыс жауабын анықтау соңғы инновациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаға ұлт тарихын тереңінен таныған, 18 жастан асқан кез келген қазақстандық қатыса алады», - деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ Баспасөз қызметі. 

Жобаға қатысу үшін www.qazaqstan.tv сайты арқылы сауалнамадан өту қажет. Үміткерлерден өтінімдер 11 наурыздан бастап қабылданады.

Хабарламаларға жазылу