«Жүзден жүйрік» жобасына қатысушының сауалнамасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағдарламаның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен мәдениетін, әдебиетін, әдет-ғұрпын насихаттап, оның дамуына үлес қосу, ел арасында қазақ халқы тарихындағы тұлғалар мен ұлт қаһармандарының есімін таныту.

Жобаны Ұлттық арнаның келбетіне айналған журналистер Нартай Аралбайұлы мен Әйгерім Есенәлі жүргізеді.

Бағдарламада әр шығарылым сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 100 адам «Өз Отанының ең үздік білгірі» атағы үшін сайысқа түседі.

1,5 сағатқа созылатын бағдарлама барысында қатысушылар бірнеше айналымнан тұратын сынақтан өтеді.

Бағдарламаға ұлт тарихын тереңінен таныған, 18 жастан асқан кез келген қазақстандық қатыса алады.

Сауалнаманы толтыр да, сайысқа қатыс! Еліңді таны, өзіңді таныт!