28-тамыздан бастап Ұлттық арнада «Hit Qazaqstan» музыкалық жобасы! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28-тамыздан бастап Ұлттық арнада «Hit Qazaqstan» музыкалық жобасы!

20.08.2017

28-тамыздан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Hit Qazaqstan» музыкалық жобасы эфирге шығады.

Жаңа маусым қарсаңында ұсынылатын бағдарлама мақсаты - отандық жұлдыздарды және олардың бейнебаяндарын қолдау, талантты жастарды насихаттау. Халықтық дауыс беру арқылы ең үздік орындаушыларды анықтап, режиссерлерді жаңа бастамаларға шабыттандыру.

Жоба жүргізушісі - Асхат Садырбай. Музыкалық хит шеру эфирге күн сайын сағат 10:00-де шығады.

Хабарламаларға жазылу