Ұлттық арнадағы «Qazaqstan дауысы» мега жобасы қыза түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнадағы «Qazaqstan дауысы» мега жобасы қыза түсті

16.09.2023

Ұлттық арнадағы «Qazaqstan дауысы» мега жобасы қыза түсті. «Көрмей таңдау» кезеңінің бірінші шығарылымы артта қалды. Тәлімгерлер өз тобына бірнеше өнерпазды таңдап алды. Әзірге Төлеген Мұхаммеджановта - 4 әнші. Маржан Арапбаевада екеу, Қуандық Рахымда да екеу, ал Жанар Дұғалова 1 қатысушыны тобына қосты. Ауқымды жоба ұйымдастырушыларының көрерменге дайындаған тосын сыйы көп. Қатысушылардың арасында дуэттер, ерлі-зайыптылар, ана мен бала, тіпті жайдарманшылар мен блогерлер бар. «Qazaqstan дауысы» жобасы, қазір «Aqparat»-тан кейін эфирге шығады. 

Хабарламаларға жазылу