Ет өндірісі артқанмен баға арзандамай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ет өндірісі артқанмен баға арзандамай тұр

13.10.2017

Елімізде ет өндірісі көлемі артты. Дегенмен, базарда баға бірге көтерілуде. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Биыл қазан айына дейін кәсіпкерлер 688 мың тоннадан астам ет өндірген. Бұл былтырғыдан 5,7 пайызға көп. Биыл экспорт та тұралап қалған. Өзге елдердің нарығына 10 мың тонна ет шығарылып, сатылады деп жоспарланғанымен, әзірге ол меженің тек 34 пайызы орындалыпты. Бұл бір жағынан ішкі нарықта ұсыныстың артқанын көрсетеді. Қалыпты жағдайда баға түсуі керек. Ал, бізде керісінше көтеріліп кеткен. 

Ермек Әбуов, АШМ Мал шаруашылығы департаменті басқармасының жетекшісі:

 - Қазір ірі қара мал етінің бағасы 1200-1350-ден асып отырған жоқ. Ал, өздеріңіз көріп отырсыздар, сөрелердегі бағалар қазір 2000 теңгенің үстіне шарықтап кетті. Тауар өндірушілер өндіруін өндіреді тауарды. Бірақ, ары қарай сату бұл біздің құзыретімізге жатпайды. Өйткені, ары қарай делдалдар бар. Сондықтан да қазір бағаның өсу қарқыны байқалып отыр.             

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу