Түркия парламентінде жанжал шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия парламентінде жанжал шықты

05.03.2020

Билік партиясы мен оппозициялық партия депутаттары Парламент отырысында бір-бірімен төбелесіп қалды. Себеп – Сирия мәселесі. Республикалық ұлттық партия мүшесі Энгин Озкоч ел президенті Реджеп Тайып Ердоғанды Идлибтегі түрік сарбаздарының өліміне кінәлап, ол туралы жағымсыз сөздер айтқан. Ердоған жақтастарының ашуына тиген де осы. Биліктегі партия өкілдері бұған қарсы пікір білдірген соң, екі тарап дауласып, ақыры 20 шақты депутат жұдырықтасып тынды. Анадолы агенттігінің хабарлауынша, қазір президентке тіл тигізу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу