Кербұлақ ауданының әкімдігінде жанжал шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кербұлақ ауданының әкімдігінде жанжал шықты

27.10.2021

Алматы облысы Кербұлақ ауданының әкімдігінде жергілікті тұрғындар мен шенеуніктер жаға жыртысып қалды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар көмір жоқ деп әкімдікке барған. Аудан әкімінің орынбасары мәселені шешем десеңіздер, орныма отырып көріңдер деп өз креслосын ұсынады. Алайда ауыл тұрғыны мен мемлекеттік қызметкер сол арада ерегесіп қалған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде жылдам тарап кетті. Қазір аудандық әдеп жөніндегі уәкіл және мемлекеттік қызмет істері бойынша облыстық департамент қызметкерлері оқиға бойынша ішкі тексеру жұмыстарын бастады.

Ұлан Қалжанов, Алматы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы:
Аталған факті бойынша департаментпен облыстық әкімдікке тиісті хат жолданды. Қазіргі уақытта қызметтік тергеп тексеру жүргізілуде. Егер нәтижесінде этика нормалары бұзылатын болса, онда бұл мемлекеттік қызметкер жауапкершілігі әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын болады.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу