Масканың бағасы қымбаттауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Масканың бағасы қымбаттауда

03.03.2020

Ал алыпсатарлар өз пайдасын ойлап отыр. Дәріханадан таппай жүрген бетперденің сан түрі ғаламторда самсап тұр. Бірақ бағасы сіз ойлағандай арзан емес. 60 теңгеден басталып, 1500 теңгеге дейін барады. Бір ғана жарнама сайтының өзінде 50-ге жуық хабарландыру табуға болады. Интернет саудасы әсірсесе, Нұр-сұлтан, Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында қызған. Кейбірі, маска бизнесін көтерме сауда көзіне айналдырған. Біздің редакция солардың бірнешеуіне хабарласып көрген еді. Құжатсыз жұмыс істегендерін ашық айтты. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу