Өткен жылы ел Үкіметі өнеркәсіп, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы және басқа да салаларда 750 миллион доллардың 29 жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойған. Енді сол ірі жобаларға Еуропа қайта құру және даму банкінен қаржы тарту қарастырылып отыр.
Қаржы институты Қызылорда, Қостанай, Тараз, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Алматы қалаларында жаңадан салынатын көп бейінді ауруханалардың құрылысын қаржыландырмақ. Бұл мәселелерді бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин мен Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен талқылады. Тараптар аса ірі жоба — үлкен Алматы айналма жолын іске асыру мәселесін де қарастырды. Айта кету керек, өткен 27 жыл ішінде бұл банк Қазақстанға 9 миллиард доллар инвестиция салған.
Сәуле АЛДАМҰРАТ