Италияда короновирус жұқтырғандар саны күрт өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда короновирус жұқтырғандар саны күрт өсті

02.03.2020

Короновирус ушығып тұрған Италиядан қазақстандық студенттер де елге қайтып жатыр. Қазір бұл елде 1500-ге жуық қазақстандық бар. Италияда короновирус жұқтырғандар саны 1700-ге жетті. Соңғы мәліметке сай, қауіпті вирустан 34 адам көз жұмған. Италияның кейбір аймақтарында мейрамхана мен қоғамдық орындардың жұмыс уақыты қысқарғанын сонда оқитын отандасымыз Әділбек Қайыров айтты.

Махамбет  БЕЙБІТШІЛІК



Хабарламаларға жазылу