Ж.Бекшин тұрғындарды митингтерге қатысудан бас тартуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ж.Бекшин тұрғындарды митингтерге қатысудан бас тартуға шақырды

05.06.2020

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды халық көп жиналатын бұқаралық шаралар мен митингіге қатысудан бас тартуға шақырды. Оның сөзінше, көп адамның жиналуы мен жақын араласуы азаматтардың короновирусты жаппай жұқтыруына әкеледі. Мұндай жиын соңы инфекцияның тез тарап, індет жұқтырушылар санының күрт артуына себеп болады дейді бас санитар. Қала бойынша Covid-19 жұқтырғандар саны артып келеді. Өткен тәуліктің өзінде 49 адамнан инфекция анықталса, бір апта ішінде – 334 науқас тіркелген. Шаһарда барлығы 2790 адамнан короновирус табылып, 10 адам қайтыс болды.  

Хабарламаларға жазылу