Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жолдары талқыланды

28.02.2020

Жаңа түскен ақпарат. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жолдары талқыланды. Жиынға Үкімет мүшлері, көлік иелерінің мүддесін қорғаушы бастамшы топ өкілдері қатысты. Кездесуде осы мәселелерге қатысты Ұлттық және еуразиялық заңнама талаптары түсіндірілді. Нақтырақ айтқанда, Арменияға жеңілдетілген баж салығымен әкелінген көліктер сол елдің аумағында ғана жүре алады. Бұл Арменияға Еурразиялық Экономикалық Одаққа кіруге қойылған негізгі шарт. Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержановтың айтуынша, Армения тарапынан кеткен қателік салдарынан азаматтар көлікті өз аттарына Арменияда тұрып жатқан адам ретінде рәсімдеген. Бұл Одақ заңын бұзу болып саналады. Осы орайда, уәкілетті органдардың өкілдері автомобилдерді тіркеудің екі жолын ұсынды. Біріншісі, шетел көліктерін салық төлемей уақытша тіркеу, екіншісі, алғашқы тіркегені үшін салынатын салықты бір жылға кещкітіріп төлеп, уақытша тіркеу. Екі жағдайда да көлікті иеліктен алып қоймай тозғанша пайдалануға рұқсат беру қарастырылған. Бұл мәселе алдағы уақытта әлі де талқыланады.            


Хабарламаларға жазылу