Ұлттық банк екінші деңгейлі банк активтерінің сапасын бақылау мақсатында жүргізілген сараптаманың қорытындысын жариялады.
Тексеру нәтижесінде қатысушы банктерде капитал тапшылығы байқалмаған. Яғни салымшылар үшін еш қауіп жоқ. Мамандардың сөзінше, екінші деңгейлі 14 банкке активтердің 87 және жалпы несие портфелінің 90 проценті тиесілі. Ал Қазақстандық банктердің жай-күйін бағалау ісі Еуропалық орталық банктің әдіснамасына сәйкес жүргізілген. Ал бұл шара инвесторлар мен салымшылардың банк секторына деген сенімін арттыруға бағытталғанын айтты мамандар. Өткен жылы 1 сәуірде бағалау нәтижелері бойынша капитал қоры жүйе деңгейінде 800 миллиард теңгеге жуық болды. Орташа алғанда капитал коэффициенті активтер сомасынан 13 процентке жуық, ал Ұлттық банк нормативі 7,5 пайыз болды.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ