Ақтөбелік шекарашылар 8 адамды құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік шекарашылар 8 адамды құтқарды

28.02.2020

Ақтөбелік шекарашылар жолда қалған екі көлік пен 8 адамды құтқарды. Қарлы боран салдарынан «Газель» мен жол талғамайтын автокөліктің өзі қар құрсауынан шыға алмай қалған. Жолаушылар Мәртөк ауданының Ресейге жақын Полтавка және Байторысай елді мекендері арасында қалып қойған. Олар 3 сағатқа жуық көмек күткен. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Дереу оқиға орнына барған шекарашылар оларды аман-есен елді мекендеріне жеткізді.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу