Ақтөбелік шекарашылар 2,5 тоннаға жуық қызыл уылдырықты тәркіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік шекарашылар 2,5 тоннаға жуық қызыл уылдырықты тәркіледі

30.12.2019

Қазақстан азаматы оны Ресейден Қазақстан аумағына заңсыз алып өтпек болған.

«Даф» маркалы жүк көлігі Жайсаң өткізу бекетінде тоқтатылған. Контрабандалық өнім жиһаздардың арасына жасырылған. Көлік иесінің Мәскеуден Алматыға бара жатқаны белгілі болды. Тәркіленген лосось тұқымдас балықтың қызыл уылдырығының жалпы құны шамамен 50 миллион теңге. Бұл биылдыққа тіркелген осындай екінші жағдай.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу